Сұрақ: Қадірменді модератор! Сіздерден бір өтінішім, көптен бері осы өлеңнің авторы мен өлеңнің мәтінін білгім келіп жүр еді. Жазып жіберсеңіз екен. Алдын ала рақмет. Құрметпен Гулмира
Жауап:Әні: Ермұрат ЗейіпхандікіСөзі: Алмас АхметбекұлынікіКөк тудың желбірегені- Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені-жаныма қуат береді.Таласқа түссе жан мен туЖан емес,Маған керегі-Көк тудың желбірегені. Көк тудың желбірегені-Елдіктің асқақ өлеңі,әр жаққа тартпай, қазағым,бір сөзге жинал дегені.Көк тудың желбірегені-Бақыттың елжірегені,Қиырда қалған қазақтыңАзат Отанға жете алмайКөзінің мөлдірегені.
|