Жалғасы... • Бампердің де жөндеуден өткенін білуге болады. Ол үшін саусақ сыртымен бампердің әр жерін сыртылдап ұрып көріңіз. Оның да қалың қалың бояу жағылған жері мен жағылмаған тұсынан әр түрлі дыбыстар шығады. • Көліктің әйнектеріне назар аударыңыз. Әр әйнектің төменгі тұсына оның зауыттан шыққан уақыты міндетті түрде жазылады. Әйнектердің жасалған уақыты әртүрлі болса, ол көліктің апатқа ұшырағанының айғағы. Сол сияқты жаңадан ауыстырылған фарлар да кішігірім соқтығысулардан хабар береді. • Жүксалғыш табанындағы кілемшенің астын анықтап қараңыз. Онда дәнекерленген тұстарға назар аударыңыз. Заманауи көліктердің қорабының дәнекерленген тұстары онша білінбейді. Ал ол қайта жөндеуден өтсе, көзге бадырайып көрініп тұрады. • Алдыңғы және артқы әйнектің бекіткіштерін сәл ғана майыстырып көріңіз.Ондағы бояуларда да өзгешелік болуы мүмкін. • Көліктің жылы ескі болған сайын оның апатқа ұшырау мүмкіндігі көп болады. Сондықтан мүмкіндігінше жылы жаңалау көліктерді таңдау қажет.
|