Бауырда, балық майында, жұмыртқаның сары уызында көп кездесетін А дәрумені тәнде жетіспейтін болса, адамның көру қабілетіне әсерін тигізеді.***
Күннен, ақ қардан көз қарықпау үшін киетін көзілдіріктер пайдалы болғанымен оларды үнемі киіп жүрудің қажеті шамалы. Себебі одан көздің көруі нашарлайды.***
Қаракөлеңкеде, көлікте келе жатып кітап немесе газет-журнал оқу. Сондай-ақ үйде кітапты жатып алып оқу зиян. Оқылатын мәтін мен көз ара қашықтығының 30-35 сантиметрден артық не кем болуы көз қабығының тіндеріне, көз қарашығына күш түсіреді.***
Е және С дәрумендері мен бета-каротин комплекстері көз бұршағының бұлыңғырлануынан сақтайды.
|