Бағынышты бол, жалынышты болма
Жалғасы...Ұры-ұрлатқанды кінәлайды.Аңның да ары бар.Ары бардың бетінде алау жанып тұрады.Қоян өзінің қиынан да қорқады.Көп отырған құс оққа ұшады.Көптің сөзіне күдік келтірме.Есті қоян итке жеткізбес.Балық өзі өскен суын қимайды.Көктемге жетсе, көтерем де тебеді.Қасқыр қайрымды дегенге нанба.Мырза еріккенінен малайын ұрады.Кедейдің дұшпаны-құрсағы.Құдайшылды ғибадатхана асырайды.Үлессіз қалған өкпелі.Ойсыздың бәрі өркөкірек.Түні бойы жоқтапты да жылапты,Таң атқанда: «Өлген кім?»-деп сұрапты.Бағынышты бол, жалынышты болма.Жалғасы бар...
|