Түркмен халқының абыз ақыны
Мақтымқұлының термесі
Биік таулар, бойшаңмын деп шіренбе,Тасың құлап, сен де типыл боларсың.Терең теңіз, тәкаппарсып шіренбе,Суың кепсе, сен де бір шөл боларсың.Үлгі тұтса тыңдаған жұрт сөзіңді,Менменсімей төмен ұста өзіңді.Данаға ерсең күндей ашар көзіңді,Наданға ерсең қараңғы көр боларсың.Тұлпар мініп, сұлу құшқан, әуре жан,Не әкетпек, шіркін мынау жалғаннан.Қор болмақшы ар-ұяттан құр қалған,Ізетті жан, жарық нұрдай боларсың.Ұлықпандай тапсаң дерттің дауасын,Рүстемдей жыртсаң жаудың жағасын.Ескендірдей алсаң да әлем қаласын.Сонда да бір жермен-жексен боларсың.Ескендірдей алсаң да бар ғаламды,Бәрібір сен жермен-жексен боларсың.Мақтымқұлы, өлшеп сөйле бойыңа,Асыңды бер, қарай-қарай жайыңа.Дана тапсаң жаныңды қи жолына,Сонда өзің кәміл адам боларсың.Дана тапсаң жаныңды қи жолына,Сонда өзің кәміл адам боларсың.
|