Толғау (Үзінді)
Жарасар ер кемде-кем,Егес болса қабақта.Әшейінде әркім-ақӨтіп жүрер санаққа.Баяны жоқ дүние-ай,Бітсейші дәулет талапқа!Жаманнан жолдас ертсеңіз,Болмайды сірә амалы.Басыңа мехнат-күш боларДостай болған жаманы.Ой жіберіп көрейін,Қөңілді қозғап шамалы.Алдымдағы жақсылар,Осындай кезім келгенде,Қожеке, сөйле дегенде,Тартынбай айтып өлеңін,Ақының әнге салады.Жаман жақсы алланыңБолады ісі қалаған.Дәулет көшіп біреуден,Біреуге қонар жаңадан...Асықпай-ақ жолығар,Әркім асса шамадан.Қарыздар болсаң жаманға,Тар жерде алар жағадан.Уәжге көнбес түсініп,Көп сөзіне ісініп,Құтырар иттей қабаған.
|