Сұрақ: Менің балконымдағы жарнаманы қалай алуға болады? Оны өз бетімен алуыма құқығым бар ма? ҚанатЖауап: Сіз жарнаманы қолыңызда сіздің үйіңіздің барлық иеленушілер жиналысының шешімі немесе заңды күшіне енген соттың шешімі болғанда ала аласыз.Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабының 47 тармағына сәйкес: үй-жай - тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады. Сөйте келе, балконның немесе лоджияның, сондай-ақ бөлменің де шекаралары болып, үй-жайдың ішкі әрленбеген қабырға, едені мен төбесі болып табылады. Соған байланысты, балконның (лоджияның) сыртқы жағы пәтер иесінің иелігінде болмайды. Ол кондоминимумның құрамына кіреді, яғни үйдің барлық иеленушілердің ортақ меншігі болып табылады.«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 34 бабының 1 тармағына сәйкес Үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 213 бабының 1 тармағына сәйкес үлестi меншiктегi мүлiктi иелену және пайдалану оның барлық қатысушыларының келiсуiмен, ал келiсiмге келмеген жағдайда - сот белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл мәселен, жарнама иесінің балконның сыртына не оның қайта құрылуына тек сол балкон иесінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл үй пәтерлерінің иеленушілерінің яғни кондонминимумның келісімімен ғана қандай да бір өзгерістер енгізуіне болады.
Юрист Адина А.
|