Сұрақ: Әлия Әбікенованың әндерін тыңдағанды өте жақсы көремін. Құлаққа қте жағымды естіледі. Кейінгі естіген «Өмірге сауал» атты өлеңнің сөзін берсеңіздер екен. Алдын ала рақмет.
Бауыржан,
Өскемен қаласы.
Жауап:
Өмірге сауал атты өлеңнің сөзі мен әні Б. Есентаевтікі
Өмірге сауал
Табам деп әділдікті,
Соғылды тасқа маңдай.
Арылтар ауыр жүкті,
Сенделдім дос таба алмай.
Қайырмасы:
Ебін тапқандарға,
Жылмың қаққандарға,
Арын сатқандарға
Сен өмір оңай ма едің?..
Судай аққандарға,
Дәуге жаққандарға,
Неге өмір қолайлы едің?..
«Тура айтсаң туғаныңа
Жақпайсың» деген халық.
Сондықтан менің сақам
Алшы боп түспесі анық.
Қайырмасы
Адамдық арын сатпай,
Өлсем де,-тірі есебім.
Тірлікте дамыл таппай,
Сол үшін күресемін.
Қайырмасы
|