Австралиялық, жапониялық және қытайлық ғалымдар альцгеймер ауруының меңдеуіне жол бермейтін гүлдерді анықтады. Олар: бәйшешек, запырангүл (шафран), зағыпыран (крокус), лаванда, сүттіген және нәркес. Ғалымдардың айтуынша, бәйшешектің құрамындағы галантамин қосындысы ағзада нейрондардан тарайтын хабарламаларды жеткізуші ацетилхолин концентрациясын арттырады. Сөйтіп, ақыл-ойдың тежелуіне қарсы тұрады. Ал запырангүл өсімдігі адамның көз жасушаларын жақсартады. Сидней университетінің мамандары запырангүлдің ми жұмысына серпін беретін де дәлелдеген. Токио университетінің ғалымдары болса, запырангүл құрамындағы түске жауапты кроцин затының есте сақтау, ойлау қабілетін арттыратынына көз жеткізген. Альцгеймер ауруына қарсы зағыпыран, лаванда, сүттіген, нәркес гүлдері де ем бола алады екен. Айталық, сүттіген ұмытшақтық пен ұйқысыздықты жоюға септігін тигізсе, лаванда сығындысы-бойын әркез мазасыздық пен күйзеліс билейтін адамдар үшін шипа.
|