Негізі музыканың адамның денсаулығы үшін керек кезі көп. Оның сиқырлы күшін білген жан музыка тыңдау арқылы дәрісіз-ақ аурудан айыға алады. «Әсіресе Бетховеннің жанға жайлы тиетін «№7 Сонатасын» тыңдаудың пайдасы зор» дейді психологтар. Музыка алдымен адамның жүрек соғысын реттейді екен. Сол арқылы тарқатып, көңілді жайландырады. Сонда дене жайбарақат күйге түседі. Бұл күй бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына да оңды әсер ететіні анықталған. Жалпы, музыканың адам үшін пайдасы орасан зор. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай, ұйықтар алдында баяу ойналатын жағымды музыка тыңдап жүрсе іштегі нәресте сабырлы, төзімді болып туылады дейді. Сонымен бірге сәбидің есту және есте сақтау қабілеті жақсы дамиды екен. Мұндай балалар мейірімді, адам болатыны да дәлелденген. Дегенмен музыканы, жоғарыда айтқанымыздай, тым көп тыңдамаған жөн. Психотерапевт-дәрігер Айгүл Мақсұтқызы музыканы үздіксіз тыңдау, оның даусын қатты шығарудың кері әсері көп екенін айтады. Статистика жол апатының 68 пайызы көлікті музыка даусын өте қатты шығарып айдағандарда болатынын көрсетеді. Рок-музыка адамды қатыгез ететіні, миды шаршататыны, сөйтіп есте сақтау қабілетін арттыратыны белгілі. Ондағы ритм мен «удар» тым жоғары болса да адамның жүйкесі жұқара бастайды. Мұндай жайдан аулақ болу үшін классикалық әндерге бет бұру керек.
Н. Нұрсұлтан.
(Қысқартылып алынды «Ауырмаңыз! №19 2011ж»)
|