Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, С. Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Ханбибі Есенқарақызы. Періште емес, пендемін, Мәңгі емеспін, демдемін! Көрдім талай мықтының, Мықыны көктен келгенін!
Періште емес, пендемін, Көкте емеспін, жердемін. Бағаламас бақырға, Бақ қонғанын көргенмін!
Арман-өлмей, көктедің, Сезімімді шектедім. Шотын шауып біреудің, Көтермедім кетпенін!
Періште емес, пендемін, Астана емес, елдемін. Билік айтпай қоқаңдап, Жәй жүрсем де өлмедім!
|