Алыс жолдан келген жолаушының немесе сол елдің адамының ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп барып, сәлем беруі қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» дегендей, жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Егер сәлем ер адамға қатысты болса, «сәлем берді» деп айтылады.
Сәлемнің басқа түрі де бар. Мысалы, сыйлы ата, ене, қайынағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да да иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем етуі керек. Ондайда біреу: «Келіңіз сәлем істеп жатыр», деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса, оны «сәлем етті» дейді.
Сәлем қылудың тағы бір өзгеше түрі де бар. Егер бір адамның мойны құяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша, құяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған.
|