«Ар-ұят-адамның жан азығы»
Арыңды сақта, біреуге оны таптатпа. Ар-ұят-адамның жан азығы.Ердің екі сөйлегені-өлгені.Жағымпаздық-адамның қарғыс атқан қылығы, адамдық қасиетін қорлауы.Өтірік алдау, шағым болған жерге, мойныңа арқан салса да барма. Не ұлық, не бай кісі сөгіп тұрса, естімеген кісі боп қалма. Біреудің көзге қылған артықтығын білмегенсіп, құр босқа ішіңнен жанба!Күншілдікпен біреудің мінін іздеп, арсыздыққа салынба, оның орнына өз мініңді көре біл. Әділетсіздікке, қара күшке жол берме, түзулікті жақта, ол сенің адамдық борышың.Нашар жандарды досқа сана, көмектес, олардың қайғысына ортақтас.Жақсыда жаттық болмауы керек. Ол адамды шын бауыр тұтады. Адамға тоңмойындық керек емес, адамның сыртын таңдама, ішін таңда.Адамның ең ардақты, ең асыл қасиеті-рухани дүниесінде, адамның мәңгілік асылы болып саналатын сезімінде, ақылында, талабында.Адамның адамшершілігі-өмір талқысын жеңе білу, босқа қажымау, болымсызға жасымау, шындықтың ауылын іздеп табу.
|