Саумалдықтың (шпинат) адамның бұлшық етін жетілдіре алатын қасиеті бар. Мұндай жаңалықты Каролина университетінің ғалымдары ашты. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, шпинаттың 300 грамының өзі бұлшық еттегі оттегі қажеттігін 5 пайызға азайтады,соның әсерінен ет ұлпалары жылдам дамиды. Тіпті оң нәтижеге көз жеткізу үшін көкөністі үш күн қатарынан осындай мөлшерде жесек, жетіп жатыр екен. Шипалы өнімнің құпиясы-оның құрамындағы нитраттар мен минералдарда. Бұл заттар ұлпаның қоректенуіне жауапты бөлшектері есебінен жасушаның энергиялық тиімділігін арттырады. Каролина университеті мамандарының зерттеуіне спортпен шұғылданатын бірнеше жас жігіт қатысқан.
|