Бір насихат айтайын, Тыңда мұны, балалар! Есіткендер ұмытпа, Қайсыңда сенің сана бар? Жақсың аттан жығылса, Жаманың тұрып табалар. Ендігі сорлы бейшара Қорыққанға барып паналар.
Қария қалды ақылдан, Қастық шықты жақыннан. Ендігі күнің кем болған, Тәубе қылмай қапы өттің Әуелгі бұрын жасыңнан.
Бай кедейді көрмейді, Кедей байға ермейді, Қызметін бір күн қылмаса Майлы сорпа бермейді- Әне байдың қайыры! Бұрынғы өткен адамның Міне, келді тайыры
Жалғанда қылған ісінің Алдыңнан шығар ғайыбы
|