Сұрақ: Тұздалған орамжарыпақты (квашенная капуста) жақсы көремін. Оның адам денсаулығына, әсіресе түрге өң кіреді деп естігем. Осы рас па? Бұл жөнінде мамандар не айтады екен?Шолпан, Өскемен қаласы
Жауап: Тұздалған орамжапырақ туралы мамандар мынандай қысқаша мағлұмат береді: аптасына бір рет жеп тұрған адамның өңі кіреді. Теріге қатысты мәселелер оны айналып өтеді. Себебі, орамжапырақ тәнді қождан-шлактан тазартады, ішектің флорасын (пайдалы бактерияларын) көбейтеді.
|