Мұны жұрттың бәрі біледі. Бірақ, ескере бермейтін тәрізді. Әсіресе, қыз-келіншектер аузынан көргенде өмірден түңілгендей болып қаласыз. Әсіресе, әйел екіқабат болатынын ойлауы қажет. Жүкті әйел ең алдымен құрсағындағы шараның өмірі үшін жауапты. Бұл тек ескертпе ғана. Шылымқор әйелдерден қылмыскерлердің туылу ықтималдығы жоғары екендігі дәлелденген. Америкалық ғалымдар АҚШ-та 60-жылдары туылған 4000 адамға қатысты жүргізілген зерттеуінің нәтижесінде осындай қорытындыға келді. Зерттеушілер алдымен 1959-1966 жылдары туылған бұл азаматтардың аналарының жүктілік кезінде шылым шеккен-шекпегенін анықтады. Бұдан кейін әлгі респонденттерге қатысты криминалды статистиканы саралады. Зерттеу нәтижесінде жүктілік кезінде шылым шеккен әйелдерден туған балалардың 33 жасқа қарай түрлі деңгейде қылмыс жасағаны белгілі болды. Мамандардың сөзіне қарағанда, іштегі баланың келешек психологиясына кері әсер ету үшін 20 тал шылымның түтіні жетіп жатыр.
|