Бұл өте жиі кездесетін сырқат. Науқастың дене температурасы бір аптаға дейін 38 градустан аспай тұрады, бұл кезде вирус денені улай бастаса да ол аса қатты білінбейді. Кейін үздіксіз құрғақ жөтел пайда болады. Адам демікпемен ауыратын болса, ауруы асқынып кетеді. Бұл сырқат соңы өкпе қабынуына да соқтырады. ... Жалпы, жедел-өтпелі тыныс жолдары ауруларының қайсысына болса да немқұрайды қарауға болмайды. Сондықтан одан өз бетімен емделген дұрыс емес, міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал. Бактериялар мен вирустар өте жұқпалы келеді. Ол науқас адамның төңірегіндегілерге тез жұғады. Әсіресе ауырудың алғашқы екі-үш аптасында қауіпті. Сондықтан дәрігер жәрдеміне жүгіну науқастың өзі үшін ғана емес, оның айналасындағыларға да аса маңызды екенін естен шығармағайсыз.
|