Бұрынғы кезден лимонды суыққа қарсы және ыстықты түсіретін құрал ретінде пайдаланып келген. Лимонның халық арасында кең қолданысқа ие болуына оның құрамындағы аскорбин қышқылының мол қоры себеп болған. Лимонда кездесетін цитрин элементі ағзада С дәруменінің жеңіл сіңуіне ықпал жасайды және ағзадағы улы заттарды сыртқа шығарады. С дәрумені бұл ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғап қана қоймай, миды мерзімінен бұрын қартаюдан сақтайды. Цитрус тұқымдастарды, ашытылған қырыққабатты жеп, итмұрынның тұнбасын ішіп жүріңіз. Сонда есте сақтау қабілетіңіз қартайғанша сыр бермейді.
|