Күнделікті асқа сәбіз бен асқабақ, бауырды көбірек пайдаланыңыз. Құрманы, жұмыртқанын сарысын жиі жеу де А дәруменінің орнын толтырып, ағзаның суық пен вирусқа қарсы күресуіне көмектеседі. Салатқа күнбағыс майын қосып жеу теріні құрғап кетуден қорғайды. Бетте аздап безеу шығып, ұштары жарыла бастаса В6 дәруменінің қоры таусыла бастады деген сөз. Кейбіреуде бұл кезде бет құрғап кетсе, енді біреулерде маңдай себепсіз майлана түседі. Оның орнын сиыр, қой етімен, жаңғақ, соя, қырыққабат, сүт, картоппен толтыра аласыз. Бұл азық түрлері ағзадағы май алмасуын реттейді.
|