Воскресенье, 07.12.2025, 08:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 22
Гостей: 22
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Август » 25 » Өзгені де ұмытпа
Өзгені де ұмытпа
10:27
-Өнерсіз жан-өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ тікенді шоңайнаға ұқсайды. Өзіне де, өзгеге де пайдасыз болады.
-Егер адам текті асылзада әулетінен болса да, өнері болмаса, халықтың ізет-құрметінен мақұрым қалады. Нәсіл гауһарынан да, өнер өрнегінен де құралақан жанның тағдыры одан да жаман болады.
-Жаратылысың текті, асылзада, сұлу болғанға мастанба. Өйткені тектілік пен тән сұлулығы, өнерпаздық жан сұлулығымен толықтырылмаған жағдайда, ешнәрсеге де арзымайды. Ұлы дәрежелі болу шыққан тегіңе емес, ақыл-біліміңе байланысты.
-Ата-ананың қойған жақсы есіміне де есірме. Ол бір сыртқы сипаттан басқа ештеңе де емес. Қалайда сен өнерлі болып, жақсы атаққа ие болу үшін талаптан.
-Егер адам текті асылзада болғанымен, өнері болмаса, оны ешкім де елемейді. Бұл екі гауһарға  бірдей ие болған адамды көрсең етегінен ұстап, қолыңнан шығарма. Мұндай жан жалпы халықтың қажетіне жарайды.
-Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білгенің жөн, өйткені басқа жан-жануарлардан адам баласы он түрлі қасиетімен артық. Бұл абзал қасиет тек адамның бойында ғана бар. Оның бесеуі сыртқы тән дүниесіне жайласса, бесеуі ішкі жан дүниесінде жасырынған. Ішкі жан дүниеде: жаттап алу, оны ұзақ есте сақтау, қиялдау, ажырата білу, сөз сөйлеу, көру, иіс білу, дәмін тату, тітіргендіргіш сезімдер болады. Бұл қасиеттер басқа жануарларда да бар. Бірақ қасиеттер басқа жануарларда да бар. Бірақ адамдағы қасиетке тең келе алмайды.
-Адамзаттың  ең абзал қасиетінің бірі-сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең, тілің соны айтады.
-Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жаман көрінеді. Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді. Егер сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы исі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы.
-Қыңырлыққа әдеттенген кісіден бойыңды аулақ сақта. Өйткені қыңырлыққа әдеттенген жан туралыққа баспайды. Иір ағаш тезге салмай түзелмейді, жонбаса түзу болмайды.
-Жақсылық істеуден жалықпа. Және істеген жақсылығыңа өкінбе, өкінгенің өзіңе зиян. Біреуге жақсылық істеп, оның көңіл-күйі қаншалықты шат болса, сенің көңілің де соншалықты көтеріліп шадыман болар. Егер біреуге жамандық істеп, оның көңілін қапа қылсаң, сен одан да артық қапа боласың. Сен біреуге жамандық қылсаң саған да жамандық келеді.
(«Кабуснама» кітабынан).
Категория: Этикет | Просмотров: 1110 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/2 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Август 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz