Кеңесхан ағамыздың сөзіне қарағанда жақсылық та, жамандық та «құпиясын» сақтай алмайды екен. Мешітке келіп сұраған жандарға діни рәсімдерді орындауларына көмектесуі ме бола ма дегендей төңіректе сауалдарын қойғаны бар. Сөйтсем, бұрын не секілді коммунистер атқаратын қызметтер істеген екен. Зейнеткерлікке шығар мезгілде мектеп директоры қызметін атқарыпты. Зейнеткер болған соң бұрынғы партия мүшесінің құран оқып, намазға жығылып жүргенін көрген ауыл адамдарының жастар жағы «қарап жүріп молла бола қалғаны несі» деп сөккендей болса, қариялары оның әкесі отыз жетінші жылы «бұл төрт жастағы кезінде діни жолға түсіп жүргені үшін «халық жауы» болып кеткен, шешесі де діндар адам еді, таң қалмаңдар» деседі. Өзі тәртіпке үйреніп қалған қарияға ислам дінін насихаттап, оның кейбір рәсімдерін орындауға болыстықтарыңыз-абзал іс дедім.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
|