Білімді кісі тоқ және жайлы өмір көксемейді.
***
Ізгі кісінің қашан болсын айтар сөзі бар, бірақ айтар сөзі бар кісі ылғи ізгі бола бермейді.
***
Адамгершіл кісі ержүрек, бірақ ержүректің бәрі адамгершіл емес.
***
Жетілген кісі деп әділдікті өз пайдасына жеңдірмейтін, қиын кезде өзін қиюға аянбайтын, бірақ ұзақ қиыншылықтың өзінде мойымайтын, уәдесін ұмытпайтын кісіні де айтпаймыз ба?
| |