Флоренция институтының ғалымдары күйеулерінің көзіне шөп салатын әйелдерге арналған дәрі жасап шығарды. «Female fidelity» деген атау алған дәрі әйелдің эндокриндік және жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді екен.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, әйелдің әлгіндей ұятты тірлікке баруы оның эндокриндік және жүйке жүйесіндегі ауытқушылықтан туындайтын көрінеді. Ал жаңадан олай табылған дәріні қолданған әйелде қалыпты гормоналдық тепе-теңдік сақталады екен.
Аталмыш препарат құрамында әйелді тек бір ғана еркекке қарататын, гормондық деңгейін реттейтін тестостерон мен нейростимулятор бар.