Мінез-құлқымыздың дұрыс болуы өміріміздің өкінішсіз өтуіне мол ықпал жасайтыны шындық деседі мамандар. Ендеше бір мезгіл солардың пікіріне ден қойғанымыз артық болмас. Олар былай дейді: «Сараңдық дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік. Жомарт-жолы болғыш, сараң-сары уайымшыл жандар. Тірі кезінде адамның көзі дүниеге тоймайды, екі көзіне құм құйылғандарға ғана қабірлік жерінен басқа ешнәрсенің қажеті жоқ. Ешкім де дүние-мүлкін о дүниеге өзіммен бірге алып кетпейді. Ендеше сараң, дүниеқоңыз болудан сақтанған абзал".