Шортанбай қиыннан жол тауып жүйелей сөйлей де, жүйесін тауып орнымен айтылған сындарды сөзге тоқтай да біледі. Мұндай жағдай ол кісінің өзінің басынан да өтіп, ұтарлы сөзден ұтылып, оны айып тұтпай шын пейілмен мойындаған. Оған мысал мына жай. Қарақойлы Шерімбет сөзге шешен, ойын ойып, ойламаған жерден аяқтан шала астарлап айтатын кісі болған. Сол Шерімбет Шортанбайдың үйіне келіп, жайласа отырып, бір орайлы әңгіменің ұзақ сүрлеуіне түсіп кетіп, шешіліп сөйлеп келе жатса мазаңдаған майда балаларына кейістік білдіремін деп үй иесі әңгіме желісін қайта-қайта үзе беріпті. Сонда Шерімбет:
-Әй, Шортанбай Боқтыошағы жоқ үй жоққа жарымайды, боққа жарымаған үйге бақ та қонбайды. Балаң басындағы бағың емес пе?! Неменеге қайта-қайта қаққыштап, өзімнің қадірім мен сөзімнің нәрін кетіресің,- деген екен.
Мынадай ұтымды сөзден тосылып қалған Шортанбай:
-Апыр-ай, естімеген сөз елде көп екен ғой,-деп жанатая беріпті.
...
Толығымен (Подробнее)»