Қаракерей Соқыр Абыздың Қошқарұлы Жәнібекке берген батасы:
Бедеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын,
Қабағың жазық болсын,
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халқың кетпес қасыңнан,
Олжа кездессе, жолдасыңа бөліп бер,
Сонда қаумалаған досың кетпес қасыңнан.
Бақытың кетпес басыңнан!-
дегенде әкесі берген ішікті Абыздың иығына қаусыра жапқанда қайыра берген батасы:
Адалдық пейіл менен санаң болсын,
Әуелі сыйынғаның панаң болсын.
Жүрегіңнің басына иман толып,
Аузыңа ақтық сөзі тобаң болсын.
Сонан соң алған жарың жақсы болсын.
Жаманат пен өсектен аман болсын.
Балаңның бәрі бірдей момын болмай,
Біреуі ел билейтін адам болсын.
Жан бергенге мал біткенше талап болсын,
Баладан да туғанның жо
...
Толығымен (Подробнее)»