Әкемен сырласу
Ұлы әкесімен әңгімелескенде:
-Әке, осы Шығыс елдерінің бір қатарында жігіт қалыңдығының кім екенін үйленбей тұрып білмейді деген рас па?-деп сұрайды.
Сонда әкесі:
-Ұлым, бұл кез келген елде солай, үйленіп біраз тұрғанда біледі,-деген екен.
Өрт сөндірушілер
Бірде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан ауруханаға келеді. Арпалысып жүріп, жалындаған өртті сөндіреді. Сонан соң өрт сөндірушілердің бастығы бас дәрігерге мәлім еткенді жөн көреді: «Бәрін сөндірдік, шығын бар-8 адам. Бесеуін тірілтіп алдық, үшеуі өліп қалды»,-дегенде бас дәрігер талып қалды. Оны жатқан жерінен тұрғызып, мүсәтір берілді. Сонда ғана бас дәрігер есін жыйнап: өрт сөндірушілерге: «Сендер бесеуін қалай тірілтіп алдыңдар. Сіздер мәйітханадағы өртті сөндірдіңіздер ғой!»-деп таңдана сұрайды..
...
Толығымен (Подробнее)»