Қазыбек биге бір адам "кім жақын, не қымбат, не қиын?" деген үш сұраққа жауап беріңізші" деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:
1. Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдына тартқан адал асың,
Қимас жақын-қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын.
Өз ұрпағың-шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
2. Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың-әкең қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат.
Өзің сүйген жар қымбат.
3. Арадан
...
Толығымен (Подробнее)»