Сәндібек Жұбаниязов
Түрің бар-ау сағындырмақ,
Қылығыңда ақыл басым.
Тұрсың міне, қолың бұлғап,
Армандарың шақырғасын.
Саған ұқсап алыс кетіп,
Соқпақтарда сор кешіп ек.
Талабыңды табысты етіп,
Мен көргенді көрмеші тек.
Тазаға ынтық жанарлардан,
Төгіп өткен жаңбыр едім.
Құлай сеніп, сан алданған,
Қайран, менің пәк жүрегім!
Сезіледі жырымда мұң,
Қалған белгі сол күндерден,
Кештеу ұғып соның бәрін,
Жылдамырақ өлгім келген...
Әсерлер ғой бұл да өткінші,
Бар, ақ ботам, жолдан қалдың.
Мен жы
...
Толығымен (Подробнее)»