Момынның бесінші рет үйленген келіншегі перзентханаға түсті. Сол күннен бастап Момын ішіп кетті.
-Апа,- деп мұңын шақты келіні енесіне,-балаңыз мен осында жатқан соң бұрынғы әйелдеріне кетіп қалды-ау, шамасы. Міне, екі күн болды төбе көрсеткен жоқ.
Енесі үйіне үнсіз қайтты. Келсе үйде Момын мас болып, ұйықтап жатыр. Ертесіне келініне тағы келген енесіне:
-Келін, а келін,- деп айқай салды төменнен.
Терезеден келіннің басы көрінді.
-Сен бекерге күдіктенгенсің. Момынжан бұрынғы әйелдеріне бармапты. Ес- түсін білмейтін адамды олар неғылсын. Үйде жатыр теңкейіп.