Қарасу
Қырық жыл Қарасуға бара алмадым,
Сағыныш жүректегі бар арманым.
Шерімбай жағасында жүгіргенде,
Балалық қуаныштан жаралғанмын.
Осынау балалығым-бақытым да,
Осынау балалығым-жақұтым да.
Білемін, қайта маған келмейсің ғой,
Бермейді, бермейді ғой ақысын да.
Қарасу-сағынышым көңілдегі,
Қарасу-сағынышым өмірдегі.
Есіме түскен шақта елжіреймін,
Тербетіп бал дәуреннің сезімдері.
Қасиетіңді өлеңмен жаза алдым ба?
Қазыналы Қарасу көз алдымда.
Алмасын орыс шалдың ұрлаушы едік,
Асыр сап айтақыр мен бозаң құмда.
Қарбызы Қарасудың қандай еді?!
Қандай еді, дәмі де балдай
...
Толығымен (Подробнее)»