Қазіргі таңда үнемі отырып жұмыс істейтін, қимыл қозғалысы аз қызметпен айналысатын адамдар арасында бел омыртқа жарығы деген дерт жиі кездеседі. Отыра беріп, омыртқаға салмақты мөлшерден тыс салғандықтан, осы ауруға шалдығатындар қатары күн сайын көбейіп келеді.
Омыртқа-адам денесін тік ұстап тұрған тірегі, ішкі ағзаларды сыртқы әсерлерден қорғап тұрған қалқаны. Сондықтан адамның денесі сау болуы үшін, омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет. Жарық ауруы 35 жастан жоғары орта буын арасында жиілейді деген болжамдар бар. Ол остеохондроз деген жайбасарлау ауруының асқынатын кезі болса керек. Алайда қазір бұл жас шамасы жасарып келеді. Остеохондрозбен жастар жиі ауыратын болып кетті. Бұл да қимыл-қозғалыстың аздығын көрсетсе керек. Бел омыртқаның жарығы бала туған әйелдерде жиі кездеседі. Өйткені босанған әйелдің омыртқалары жайылып, арасына жұлын қысылып қа
...
Толығымен (Подробнее)»