Қазір секпілді лазер арқылы, химиялық жолмен дүркін-дүркін пилинг жасау арқылы кетіреді.
Сондықтан ең дұрысы-сұлулық салондарына, дерматологиялық кабинеттерге барып, секпілді бір кетіртіп алып, одан әрі күн көзінен жиекті қалпақ киіп, қолшатыр ұстап, сыртқа шыққан сайын күн әсерінен қорғайтын фотоқорғаныштық кремдер жағып, мейлінше сақтанып жүру.
Беттегі секпілді, пигменттік ақтарды ағартып, көрінбейтіндей жасауға болады. Енді өзім білетін мына емдік тәсілдер туралы айтсам деймін. Керек болса қолданарсыздар.
Дайындау және қолданылуы: 2 ас қасық ақжелкен (петрушка) ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап, айнаға қарап, секпілдің байқалмайтынын көруге болады.
Л.Хасанова,
Қап
...
Толығымен (Подробнее)»