Мінезді болса алғаның, Одан артық жар бар ма, Екі жаман қосылса, Күнде жанжал, күнде шу, Ұяларлық ар бар ма. Білімді туған жақсыға Залал қылмыс мың қарға, Жаман туған жігітке Рақатты күн бар ма. Өз мінін білген жігіттің Тәлімінде мін бар ма.
Мал-басы өскен адамның Алды-арты бұрқар бу болар. Көтере алмай дәулетін Көрінгенге бу қылар. Не боларды білмейді, Өзінен-өзі зор болар. Жетім менен жесірге Қазары ылғи ор болар, Онымен жолы болмайды, Біреуден қайтып қор болар.
|