Воскресенье, 07.12.2025, 08:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 19
Гостей: 19
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Октябрь » 01 » Адыраспан (Гармала обыкновенная, могильник)
Адыраспан (Гармала обыкновенная, могильник)
17:52
Гармала обыкновеннаяБірсыпыра кісілер шипалы қасиеті бар өсімдіктер жайлы білгісі келеді. Оның ішінде көздері көрмеген, құлақтары анда-санда ғана естіген адыраспан не дейді.
Адыраспан-түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесінді өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі-қоңыр түсті ірі ұрығы бар, диаметрі 1сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биікгі 30-60 сантиметрдей, май-июль айларында гүлдейді.
Қазақстанда, еліміздің европалық бөлігінің оңтүстік белдеулерінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен сортаң далаларда, елді мекендерге таяу алқаптарда, сондай-ақ құрғақ, тасты беткейлерде өседі.
Химиялық құрамы. Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан-улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледерін пайдаланады. Адыраспан-ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінді атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған.
Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады.
Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден-ақ белгілі болған. Бұл арада оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ ревматизмді емдейге қолданады.
Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін осы айтылған құрамдағы 10 грамм қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа қойып 8 минуттай қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек.
Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады.
Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.
Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден  соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға  қайталап салып төрт рет пайдалануға болады.
Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 6782 | Добавил: kemel | Теги: лечение, Салауатты өмір салты, здоровый образ жизни, медицина, целительство | Рейтинг: 3.8/6 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz