Воскресенье, 07.12.2025, 07:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Октябрь » 05
Ит асырасаң сырттан жи,
Қой бермейді қорадан.
Мал жинасаң қойдан жи,
Мал кетпейді шарадан.

Ақ көңілден би қойсаң
Бұрылмас сөзге арадан.
Қара жүректен би қойсаң,
Аузы кеппес парадан.

Тентек көпке тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
Асыл қынға тоқтайды,
Арлы шынға тоқтайды.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1519 | Добавил: kemel | Дата: 05.10.2009

Қатыңмен дос бол,
Үйіңе береке кіреді.
Азаматпен дос бол
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1195 | Добавил: kemel | Дата: 05.10.2009

Асу-асу белдер бар,
Аса алмаса ат өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.

Жетімшілік көр көрген
Үш шақырымдай «ә» демес.
Асу-асу белдер бар
Асу-асу белдер бар,
Аса алмаса ат өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.

Жетімшілік көр көрген
Үш шақырымдай «ә» демес.
Ашаршылық көп көрген
Өзі тоймай «мә» демес.
Жаманшылық көп көрген
Жақсы сөзге «жә» демес.
Ақсұңқардың баласы
Сарқыт қоймай жем жемес.
Қанша жуан болса да
Жалғыз ағаш үй болмас.
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз адам би болмас.

Бала болмас-болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Досыңа майыспа,
Дұшпаныңа қайыспа,
Жаман болсаң көп жақсы,
Жақсы болсаң еп жақсы.

Арғымақ мінген байлардың
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның
Елге мұқтаж күні бар.

Басқа бақ жарасады,
Батырға жақ жарасады.
Аталы ерден би тұрса,< ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1350 | Добавил: kemel | Дата: 05.10.2009

«Әкем Расулуллаһпен (с.ғ.с.) бірге «қоштасу қажылығына» барғанында мені өзімен бірге апарды. Ол кезде менің жасым жетіде еді».
Түсініктеме: «қоштасу қажылығы»,-Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)жасаған соңғы қажылығы.

Хадисті Әс-Саиб ибн Йазидтен (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.


«Бірде Нәби (с.ғ.с.) ар-Раухада (Ар-Рауха-мекен атауы) бір керуенді кездестіріп, керуендегілерден: «Сендер кімсіңдер?»,-деп сұрады. Керуендегілер: «Біз мұсылманбыз. Өзіңіз кім боласыз?»,-деді Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Мен Аллаһ Тағаланың Елшісімін»,-деп жауап берді. Сол уақытта бір әйел қолындағы сәбиін көтеріп: «Мынау сәби қажылықты орындаса бола ма?»,-деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Иә, болады. Оның сауабы саған жазылады»,-деп жауап берді».

Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.


Категория: Хадж | Просмотров: 997 | Добавил: kemel | Дата: 05.10.2009

Қажылық – Ислам дінінің ұстыны болған бес парызының бірі. Әлеуметтің жағдайы келген мұсылман өмірінде бір рет қажылық амалын орындауы-парыз.
(әл-хәжж) сөзінің тілдік мағынасы: мақсат, ниет ету болса, шарғи мағынасы: құлшылық ету ниетімен Меккедегі Қағбаны зиярат етіп, Аллаһ Тағала орындауын талап еткен амалдарды орындау.
Шариғатта қажылықтың екі түрі белгіленген.
1(әл-хәжж) парыз немесе үлкен қажылық. Қажылықтың бұл түрі  Құрбан айт уақытында, яғни Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 жұлдызында орындалады.
2 (әл-ъумра)-ғұмра немесе кіші қажылық. Ғұмра Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10нан басқа уақыттарда орындала береді.
Жоғарыда айтылғандай жағдайы келген мұсылманның өмірінде бір рет қажылық амалын орындау парыз болса, шамасы келген жағдайда тағы қажылыққа бару-мустахаб болады. Яғни, барса-сауап, бармаса-күнәхар емес. Қажылық-Аллаһ Тағаланың разылығы мен жеке бас қамы үшін орындалатын амал. Сондықтан, қажылыққа барған адам: «Қажылыққа бардым, іс бітті»,- ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Хадж | Просмотров: 1204 | Добавил: kemel | Дата: 05.10.2009

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz