Қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы
Қайран Баян, қайран Жібек, Еңлігім,
Зар заманда ала алмаған теңдігін.
Дәлелдеп-ақ кеттіңдер ғой, арулар,
Дүниенің бірі қалыс, кемдігін!
Қозы-Қөрпеш, Ер Кебек пен Төлеген,
Жүректерің тап-таза еді не деген?!
Дар алдында тайсалдырмай демеген.
Махаббаттың күші екен ғой жебеген.
Кері айналып доңғалағы заманның,
Дегендері болып жатыр адамның.
Бай да оралды, керуенді көшімен,
Таз кепешін киіп басқа наданның!
Керуенде байлығы бар әлемнің,
Төсегі бар, өсегі бар әр елдің.
Көп етектің дәмін татқан бозбала...
Мұнда тағы қыздары көп гаремнің!..
Баян сұлу, Қызжібегім, Еңлігім,
Сендерді ойлап күрсінемін мен бүгін.
Махаббатсыз, ар-ұятсыз, имансыз,
Басқа ұрам ба, заманымның кеңдігін!
|