Жас жұбайларға
(«Абыз»№4 наурыз 2011ж) Егер жақын күндері, үйлену тойына дайындалып жатсаңыз, отбасылық өміріңіздің сәттілігі үшін, мына кеңестерге құлақ асыңыз. Қалыңдыққа арналған кез-келген затты, көйлекті, аяқ-киімді немесе сәукелені сатып алғанда төлеген ақшаңыздан қайтқан қалдықты, мүмкіндігінше ұзақ уақыт жұмсамауға тырысыңыз. Ең аз дегенде үш айға дейін ол ақшаға қол тигізбеңіз. Оны бөтен адам қолданбас үшін, тығып қойғаныңыз абзал. Сіздің қалыңдық көйлегіңіз бен сәукелеңіз арқылы, дұшпандарыңыз жамандық жасауы мүмкін. Сондықтан, оларды ешкімнің көруіне жол бермеңіз. Ал, той кезінде жастарға өзгелерден сұғы кірмеуі үшін, олардың киімінің астарынан түйрегіш пен кішкене қызыл лентаны түйреп қойған дұрыс.Жастарды тіл көзден сақтау үшін аяқ киімдеріне шетен жапырағын, ал қалталарына жидек салып қойған жөн.
|