Байдалы қартайып, үйден шықпай күндіз-түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
-Ой кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой!-дей беріпті. Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
-Е, шырағым, еліңе не айтып барасың?-депті Байдалы.
-Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін-дағы,-депті Мұса.
-Шырағым, оның рас. Үш айыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші!-дейді қарт. Мұса «айтыңыз» деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
-Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәттіде не тәтті-депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
-Балам, ақының әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жаныңнан тәтті жоқ. Жақында-ажал жақын,-депті.
|