Үлкенді-кішілі қызмет қамымен жақын жатқан елді мекендердің бірінен жаңа ұзағанымда жол шетінде тұрған бір жігіт ағасы «мені де ала кетіңізші» дегендей қолын көтерді. Жеңіл мәшинемнің есігін ашып қасыма отырғызғанда Өскеменге бет алғанымызды тағы бір пысықтады. Адамды жатырқамайтын жан екен. Тым-тырыс, қабақ түйіп отырмай, өзінің шаруа жайынан хабардар етіп жатты. Өзінде де мәшине бар екен, соған бір қажетті бөлшектерді қаладан таппақшы: күнде шыға бере алмайтын көрінеді, шаруа қожалығында әр алуан жұмыстар істейді екен, бастықтары-өздерінің ауылдас жолдас-жоралары сияқты, бұрын кеңшарда бригадир болып істепті, өнерлі жігіт көрінеді...
Неше түрлі қызметтерге шақырды, ұзап шыққысы келмейді, сұрасаң : «сол өзім үйренген жұмысымды істеймін» дейді де қояды,-деп бір тынды да, неге екені белгісіз күліп жіберді. Кішігірім бір ауылдың қасынан өтіп бара жатыр едік, бір «әгірөттің
...
Толығымен (Подробнее)»