Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Декабрь » 13 » Араласып тұрайық
Араласып тұрайық
14:44
Халқы құжынаған Өскемен қаласының базарында кездескен бұрынғы ауылдағы көршім Жанайдардың да, ол әңгіме еткен Қалижанның да мінез-құлықтары қартаң тартса да өзгермепті. Жанайдар жанындағы баласын көрсетіп, Қалижанның әке-бабасының аузын сырттай сыбап былай деді:
-Осы қалаға көшерде кішкене үсті-басы жөнделсін деп түрік тонын алмақшы болды. Жарайды. Біраз, тыйын-тебен жетпей әлгі қалталы Қалижандікіне жіберіпті мұны кемпірім мен жоқта сол жаққа. Барса, іздегені алдынан шығып, әлгі «иттің» баласы, Қалижанды айтам, есік алдында отырыпты. Үйінің айналасы көл-жайсаң су. Мына менің балам Нұрсейітті көргеннен қуанып, «ой, айналайын, үйге кіріп шәй іш, қайдан жүрсің?! Жігіт боп қапсың өзің! Міне, біз болсақ, қартайдық. Балалардың бәрі қалада. Үйдің айналасын түгелдей жыра етіп қазып, іргесіне су жіберместің жағдайын ойлап жатыр едім. Келген шаруаңды сонан кейін айтарсың, үйге кіріп шәй ішші. Өздерің араласпай кеттіңдер ғой,-деп жалпаң қағады иттің баласы.
Сонымен мына менің Нұрсейітім ананың ит екенін білмейді ғой, кемпірдің басында мый азғана, кешке шейін анаған жаны ашып үйдің айналасын «траншея» қылып қазып  шаршап-шалдығып келгені...». «Кеше ғана біреуге жүз жыйырма мың теңге қарызға беріп қойып едік, қарашы бір тыйын болмай қалғанын! Өздеріңде де мый жоқ. Кішкене араласық-құраластық дегенді білмейсіңдер» деп жұмысын тегін істетіп алдап қоя беріпті.
Әкесінің аузын ұрайын! Балам содан суық тиіп ауырып біраз жазылды. Ана «итке» құдайдың дауасы жоқ екен. Бастықсымақ боп жүргендегі алдымшы қылығынан өлгенше жалықпайтын түрі бар...-деді ақ көңіл қария,-басқа ештеңе жаңалық жоқ. Балама сол тонды алайық деп келдік.
-Жарайды,-дедік  біз,-араласып тұрайық.
Неге екенін білмеймін.
Ол ебедейсіздеу езу тартты. Бұған сіздер не дейсіздер?

М.Төктебайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 939 | Добавил: kemel | Теги: Өмір өрнектері | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz