Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық. Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің ең аяулы асын қонақасыға береді. «Қонақсы-қазақтың бөлінбеген еншісі» есептеледі. Тек мейманның өзін ғана емес, оның ат-көлігін де күтіп, аттанарда аман-есен қолына тапсырады. Бұл үшін мейманнан ешқандай ақы алмайды, алуды намыс деп біледі. «Егер қоналқы жердің бәрінде қазақ болса, бір уыс азық, бір тиын қаражат алмай жылдық жолға жолаушы жүруге болар еді» деген тәмсіл осыдан шыққан.Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру»-қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойып, қонақасы беріп аттандырады.Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Ел аузынан
|
Просмотров:
2053
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.12.2009
|
Қазақтардың сүйекті жерлеу дәстүрі ислам шариғаты бойынша болады. Адам қайтыс болған соң иегін таңып, бетін құбылаға қаратып жатқызып, бетіне таза бүркеншік жауып, айналасын шымылдықпен қоршап, оңаша жатқызады. Туыс-туғандары жұртқа хабар айтады. Дағдысында сүйек сол үйде бір күн яғни үш күн түнейді. Бұл күндері жақын туыстары шырақ жағып, жанында күзетіп отырады. Жаназаға жиналған жұрт осы үйге кіріп, сүйекпен қоштасып, туыстарына көңіл айтады. Одан соң сүйекті арулап жуып, «ақырет кебін» деп аталатын ақ пұлға орап, «дәуір» жүргізіп, «ысқат» шығарады. Бірнеше мал ала жіппен байланып, сол үйдің есігінің алдына әкеліп, дәуір жүргізуші адам мал байланған жіпті ұстап: «бұл адамның бір жылдық өтелмеген ораза, намаз, тағы басқа парыз-қарыздары үшін» өліктің төрт жағында отырған моллаға ұстатады, молла «қабыл алдым» жеп жіпті алып, қайта береді. Бұл адам қанша жасқа келген болса, сонша рет осылай істеледі. Ал балағатқа келмеген жас бала қай
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Жерлеу
|
Просмотров:
3011
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.12.2009
|
Қазақ халқы арасында өмір сүрген некенің негізгі формасы дара неке (моногамия) болды. Қазақтар неке жөнінде ертеден келе жатқан салт-сана бойынша бір ру өз ішінен қыз алыспайды, тіпті алысқан күнде бұлар жеті атадан артқан болуы, бұлардың қоныстарының арасында жеті өзен болуы шарт. Қазақтың байырғы шежірелік дәстүрі бойынша жеті атадан тараған ұрпақ бір ата, он үш атадан асқанда бір ру есептеледі. Сондықтан жеті атаның ішіндегі ұрпақ туыс саналады. Ал қоныстардың арасында жеті өзен болуы керек дейтіні, емшектегі баласын үйіне тастап ауыл қыдырған қазақ әйелдері омырауы сыздағанда бірінің баласын бірі емізе береді. Қазақ салтында бір ананың сүтін емген екі бала туыс болып есептеледі. Егер олардың араларында жеті өзен болса, баласын үйге тастап, жеті өзеннен өтіп қыдыруы мүмкін емес, мұндайда емшек сүті араласпайды дегенді негіз етеді. Жеті атадан асып, өзара қыз алысуға тура келгенде құдасушылар со
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Неке
|
Просмотров:
2333
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.12.2009
|
Бір жыл яки одан да артық уақыт өткен соң қайтыс болған адамға арнап «сауын айтып», ас беріледі. Астың көлемі қайтыс болған адамның әл-ауқат күйі мен жұрт ішіндегі беделіне қарай болады. Асқа шақырылған жұрт жиналып, ас басталғанда тұлданған ат ас берген үйдің алдына әкелінеді. Ас берілген адамның әйелі мен балалары жоқтау айтып, атқа қоштасады. Бұл ат асқа сойылады, осы атқа қосылып, басқа да мал сойылады. Азалы ту жығылып, сабы сындырылады. Асқа жиналған жұрт күтіледі. Ас аяқтаған күні әйелінің жамылған қарасы мен ақ бүркейі алынады. Қаралы үйдің жүгіне жайылған сеп (қайтыс болған адамның киім-кешегі) жиналады, сонымен ас аяқталады.Ұлы дүбірлі үлкен астарда асты аяқтайтын күні ат бәйгесі және палуан күресі өткізіледі. Бәйге шапқан ат келіп, жүлдесін алған соң, ас тарқайды. Ас тарқаған соң асқа сойылған тұлданған аттың басы, төрт тұяғы және терісі иесінің моласына апарылып қойылады. Міне, бұл
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Еске алу
|
Просмотров:
1673
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.12.2009
|
 «Инфарктке шалдықпайын десеңіз, аз мөлшерде болса да үнемі балық жеуіңіз керек»-Лейден университетінің ғалымдары жиырма жылдай зерттеу жүргізу арқылы осындай тоқтамға келді. Олар сонау 1960 жылы 852 отбасының күнделікті тамағы мен бұл орайдағы талғамына қатысты сұрастыру жүргізген еді. Зерттеушілердің пікірінше, күніне ең болмағанда отыз грамм балық жейтін адамдардың жүрек ауруларына шалдығуы балықты мүлдем жемейтін кісілерден екі есе кем болған.Балық етін көп жейтін эскимостарда жүрек аурулары аз болатыны көптен белгілі. Сонда балық етінің құпиясы неде? Мұның тиянақты жауабы әлі күнге беймәлім. Бәлкім мұның сыры «омега 3» деп аталатын май қышқылында болар. Балық майында бар бұл қышқыл көкіністе, сояда, жаңғақта болады. Жүрек талмасына себеп болатын қан түйіртпектерінің түзілуіне осы қышқылдың қарсы әрекеті болуы мүмкін. Голландиялықтардың зе
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жұмыстан кешігіңкіреп келіп едім, зайыбым есік алдынан аса бір сыпайы ибалық көрсетіп қарсы алды. Бұған не болды деп, бетіне таң қала қарадым. Өйткені, жастықтың майдандарын ұмыта алмай, қарттықтың алғашқы қадамына мойынсынбай жүрген кезде кемістіктер толып жатады ғой. Соны түзетемін дейме, күндіз-түні аңдығаны-мен... Осы жолы «қайда жүрсің?»-деп тұра сұрақтың астына алғанның орнына тым ибалы. Апыр-ау, мынаған не болды? Алматы қыздар институтын бітірген тегінде. Алған білімінің пайдасы енді шықты ма, бойынан... Сөйтсем, пәлесі дайын боп шықты: «Немене! Бойжеткен қызыңнан құтыла алмай жүр ме едің? Келді әне! Әке-шешесі. Құдайың берді, бірақ олармен бірген таң сарғайғанша ішіп отырма, білдің бе,-деп қатты сыбырлады,-әлде өзі баламыз жас, қоя тұрайық дейміз бе? Тіпті әкесінің пошымы кісі шошырлық, шешесі үйдің әр бұрышына алақ-бұлақ қарап отыр...
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Халқы құжынаған Өскемен қаласының базарында кездескен бұрынғы ауылдағы көршім Жанайдардың да, ол әңгіме еткен Қалижанның да мінез-құлықтары қартаң тартса да өзгермепті. Жанайдар жанындағы баласын көрсетіп, Қалижанның әке-бабасының аузын сырттай сыбап былай деді:-Осы қалаға көшерде кішкене үсті-басы жөнделсін деп түрік тонын алмақшы болды. Жарайды. Біраз, тыйын-тебен жетпей әлгі қалталы Қалижандікіне жіберіпті мұны кемпірім мен жоқта сол жаққа. Барса, іздегені алдынан шығып, әлгі «иттің» баласы, Қалижанды айтам, есік алдында отырыпты. Үйінің айналасы көл-жайсаң су. Мына менің балам Нұрсейітті көргеннен қуанып, «ой, айналайын, үйге кіріп шәй іш, қайдан жүрсің?! Жігіт боп қапсың өзің! Міне, біз болсақ, қартайдық. Балалардың бәрі қалада. Үйдің айналасын түгелдей жыра етіп қазып, іргесіне су жіберместің жағдайын ойлап жатыр едім. Келген шаруаңды сонан кейін айтарсың, үйге кіріп шәй ішші. Өздерің ар
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Минарет - (ар. - мунара - маяк) - башня при мечети, с которой муаззин провозглашает азан - призыв на молитву. Минареты имеют разные формы в сечении и винтовые лестницы внутри (как в мечети Мухамади) либо пандусы снаружи. До ислама минареты, в вершинах которых устанавливали специальный фонарь, служили маяками в пустыне для ориентирования в пространстве. С приходом ислама минареты стали выполнять ритуальную функцию.
| |