Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі іріңді, бөртпелерді, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуын емдеуге қолданылады. Геморрой түйіндерін көтеруге көмектеседі. Бұл ауру түрлерін емдеу үшін арпаның дәнін ағаш астауға салып, бетін жауып қараңғы жерге қояды. Ол 5-6 күнде бүршік жарып көктейді. Енді соны көлеңкеге жайып толық кептірп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 200 грамын 2 литр суға салып, жарты сағат қайнатып, тұндырып сүзеді. Үстіне 150 грамм алма сірке суын құйып, шайқап араластырады. Дайын болған дәріні күніне 50 грамнан 4-5 рет 2 ай ішу керек.
|