Асу-асу белдер бар, Аса алмаса ат өлсін. Ағайынмен тату бол, Айыра алмай жат өлсін.
Жетімшілік көр көрген Үш шақырымдай «ә» демес. Асу-асу белдер бар Асу-асу белдер бар, Аса алмаса ат өлсін. Ағайынмен тату бол, Айыра алмай жат өлсін.
Жетімшілік көр көрген Үш шақырымдай «ә» демес. Ашаршылық көп көрген Өзі тоймай «мә» демес. Жаманшылық көп көрген Жақсы сөзге «жә» демес. Ақсұңқардың баласы Сарқыт қоймай жем жемес. Қанша жуан болса да Жалғыз ағаш үй болмас. Қанша жақсы болса да, Жалғыз адам би болмас.
Бала болмас-болғандай бол, Ағайынға қорғандай бол. Досыңа майыспа, Дұшпаныңа қайыспа, Жаман болсаң көп жақсы, Жақсы болсаң еп жақсы.
Арғымақ мінген байлардың Тайға мұқтаж күні бар. Май шайнаған билердің Нанға мұқтаж күні бар. Елден безген залымның Елге мұқтаж күні бар.
Басқа бақ жарасады, Батырға жақ жарасады. Аталы ерден би тұрса, Халықтың пайдасына жанасады.
Жақсы адамға мал бітсе Ағайынның жоғына қарасады. Жаман адамға мал бітсе, Көрінгенмен итше таласады.
|