Воскресенье, 07.12.2025, 08:54
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Декабрь » 05 » Ақыл мен көмек
Ақыл мен көмек
15:52
Аудан екіге бөлінгенде тозып кеткен мәдениет үйі қайтадан, жаңадан ғана жөнделе бастаған кез. Іші әлі суық. Қоңыр күз күшіне еніп, қыс ызғары сезіле бастаса да отын үнемделіп, жағылмай жатыр. Жөндеу жұмыстары бастан асып жатқанда бұған көңіл бөлудің де ешкімге қажеті жоқ секілді. Мәдениет үйінің директоры Манап бұрынғы кеңшардың бөлімше басқарушысы Сақи келгенде қуанып қалды. Қаржы да, материал да жоқ, не тапшы кезде мұндай тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесімен көп нәрсені ұтуға болады. Сақи терезеден тысқа көз тастап тұрып, үстелінің басында қонжиып отырған Манапқа бұрылып: 
-Жаңадан берілген маманың мынау ма?-деді сыртты мегзеп. Сыртта бұрын асфальталған жолмен бері қарай біз өкше биік туфлиінің өкшесін тық-тық еткізіп, ұзын бойлы бір бойжеткен осылай қарай беттеп келе жатыр еді. Күн салқыны болса, басы жалаңаш, сарыға бояған шашын тікірейтіп көкке бойлатып қойыпты, өзі тар шалбар киген екен. Кеудесіне мода сақтап шашына сай сарғыш, тарлау кеудеше киіпті.
-Ей! Мынауың тоңбай ма, немене?-деді Сақи тағы да,-қалай киініп алған өзі қаладағыдай! 
-Киінгенін қойшы, тырнақтары ұзын,-деп Манап отырған орындығынан қозғалған да жоқ,-не істерімді білмеймін. Әлгі аудандағы бастықтардың бірі облыстың кішілеу басшыларымен келгенде құлағыма сыбырлап, менің де көмегім тиер, бір кісімді жұмысқа ал  деп кетіп еді, ертеңінде салаң етіп жетіп келген маман осы болды. Өзі отыратын бір бөлмені өзің ептеп ағартып ал деп едім, ертеңінде сала құлаш бір тізімді алып келіп, мен жоқта үстелімнің үстіне тастап кетіпті. Міне көрші...
Сақи қарқылдап күліп: «Мынау бойжеткеннің ұзын тырнағында несі бар десем, мынау сенің орныңды алайын деген қыз боп шықты ғой. Мына материалдарды қайдан аласың, тізіміне қарағанда бұған бір көмекші керек екен. Сонда өзі немене істейді?!»-деп қақалып шашалды. 
-Айтып отырмын ғой. Аудандағылардың қолғабыстары осындай. «Ремонтқа» ақша бөлеміз, әйтеміз, бүйтеміз деп алдап соғып кете береді. Бос сөз. Не істерімді білмей отырмын. Бір екі рет телефон шалып едім, біз қайтеміз ақша бөлмесе, аяқ, қолдарың түгел, өздерің қабырғаларын жөндеп әктеп алыңдар, немене сендердің әйелдерің үй ағартып, еден жуып көрмеп пе еді?!-деп өзімді пәлеге қайырды. Ана қыздың түрі анау, өзіне бір көмекші керек сияқты. Ең алғашында біздің әйелдер оны тағы да жоғарыдан тексеруге келген біреу ме деп оған қоғадай жапырылып еді, енді маған мынаны өзіңе тоқал етіп алмасаң, түкке жарамайды, тіпті өзі қазақша түсінбейді ғой деймін десіп жүр. Ақылыңды берші, не істеймін? Ұжымдағылардың бәрі бұрыннан таныс кісілер, мына тырнағы ұзын қарындасыма қара жұмысты істете алмасам, қалғандары да бағынғысы келмей зықымды шығара ма деймін.
-Онымен ұрсысып қалған жоқ па едің?
-Жоқ. Үндегенім жоқ.
-Ой, «маладес»,-деді,-онда былай істе, Мәдениет Үйіне тағы не керек, түгел жазсын, соны апарып бер деп қоя бер ауданға. Не жазып, не қойғанын тексермей-ақ қой. Мына жазғанын қоса апарсын, қысқасы, жұмыстан шығарып жібер. Олар бос сөзбен шұғылданса, оған сенің де шамаң жетеді!
-Ойбай-ау, штаттағы бір орыннан айырылып қалмаймын ба-деді Манап сасқалақтап.
-Айырылмайсың. Әлгі қызың кем дегенде екі-үш күн жүреді сонда.
-Оның үйі сонда. Айтпақшы, біреудің туған күніне сұранып еді-ау... Ал сонан соң.
-Туған күніне де барсын. Келерінде бір күн бұрын саған ертең шығамын деп хабарласын. Сол хабарласқанда сен айтасың: «айналайын, сенің орныңа басқа біреуді жіберді, сен сол жердегі ағаңа барып бәрін түсіндірсең, сол орталықтан соған бір қызмет тауып берем деген де». Сол звоноктан кейін мына менің әйелімді уақытша деп жұмысқа қабылдайсың. Бар жұмысыңды істеп береді.Өзі бухгалтер, өзі сатушы, өзі әнші. Әлгі ағартатын бөлмеңді бір күнде әктеп бермесе, мына мен мұрнымды кесіп берейін.
-Оның келсе, істейді. Көрші-көлең қыз-келіншектерді алып келеді. Бәсе! Сен неғып таң атпай маған келіп отыр десем... Келе ме?!
-Келеді. Әкелші ана телефоныңды,-деп үйіне телефон шалды, сон-соң айқай салды:-Әй, Қаншайым! Мына Манаптың Мәдениет Үйінде отырмын. Жөндесесің бе?
-Ақшасын төлей ме?-деген дауыс анық естілді. Тіпті Сақи тұрсын Манап та естіді, басын изеді. Бірақ, кейінірек төлейтінін естіді. «Көнсе болды, түстен кейін барамын. Кейін бермесе үйіндегі бұзауын көзін бақырайтып қойып алып кетеміз»,-деді.
Мұны естіген Сақи да, Манап та мәз болып күліп, қарқ болып отырғанда әлгі сары шашты қыз кірді. Манап Сақидың айтқанын істеді. Қыз кеткенде де екеуі  қуаныштары баса алмай мәз еді. Әсіресе, Манаптың қуанышында шек жоқ еді. Сақи, немене, үйінде қора-жайы, малы көп, түгі де кетпейді, бір жалақыға қарап отырған. Манапқа қиын, қар түскенше, жөндеу бітпесе, көрінген қазақ көзін шұқып, есін шығармай ма?
-Әй! Сақи! Сенің басың тәуір-ақ жұмыс істеп кетеді, ия?-дейді қайта ризалышылықпен... Ана қызды қайтем?
-Ой, оған басың қатпай-ақ, қойсын,-деді Сақи,-бұл күнді кімнің сөзін аяғына шейін кім тыңдап жүр дейсің? Әлгі жұмысқа орналыстырам деген ағасымен ұрсысып, керісіп жүргенде, қыс түседі. Қыс түскенде ұзын тырнақты қыз той тойлап жүрсе, бұл жаққа ат ізін салмайды. Ағасы хабарласса, тағы қатыр: тіпті жоғалып кеткен соң, уақытша орнына біреуді алып қойып едім де. Сонан соң Қаншайымға бұйрығыңды бере бересің. Әзірше біздің қатын бұйрықсыз-ақ істей береді...
Міне ақыл! Бұдан артық көмек бола ма?!
Манап, шынында, бұл күні үйіне көңілі гүлденіп қайтты.

М. Төктебайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1147 | Добавил: kemel | Теги: Өмір өрнектері | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz