Қажылықпен Исламды тамамдап, дінді толық еткен Аллаһ Тағалаға Құранда: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді ұнаттым»,-дегеніндей, қажылықтыорындаумен Ислам діні толық болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім қажылыққа жағдайы бола тұра, қажылық етпей дүниеден өтетін болса, онда иаһуди немесе христиан болып дүниеден өтеді»,-деген. Қажылық араб тілінде бір жерге баруды ниет ету деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы мағынасы-Сауд Арабиасының Мекке қаласындағы «Байтуллаһ», яғни Аллаһтың үйін зиарат ету. Бұның тарихы хадистердегі хабарларға қарағанда Адам атадан басталады.
|