Хадистерде айтылуы бойынша Аллаһ Тағала Ибраһимге адамдарды қажылыққа шақыруды бұйырғанды, Ибраһим (с.ғ.) «Әй, адамдар! Шынында Аллаһ бір үй құрды, соны қажылық етіңдер»-деп шақырады екен. Сондай-ақ кейбір тәпсірлерде Аллаһ Тағала: «Әй, Ибраһим! Біздің бұйрығымызбен салынған бұл үйге адамдарды қажылық етуге шаыр»,-деп бұйырғанда, «Иә, Раббым! Адамдарға дауысымды қалай жеткіземін? Менің дауысым оларға жетпейді»,-деді. Аллаһ: «Әй, Ибраһим! Сен шақыр, жеткізу біздің ісіміз»-деді. Ибраһим (с.ғ.) орнынан тұрып (кейбір кітаптарда Сафа тауынашықты делінген): «Әй, адамдар! Шынында Раббыларың өзіне ғибадат ету үшін үй салдыруға бұйырды, осы үйге қажылыққа келіңдер!»-деп жар салды. Сол уақытта осы дауыс Жердің түкпір-түкпірінен жету үшін тау-тастар еңкейіп қалған екен дейдіАллаһ Тағала осы дауысты өз құдіретімен әйелдердің құрсағындағы, еркектердің белдеріндегі болашақ ұрпақтарына дейін естірткен. Осы дауысқа тау-тастар, қалалар, ағаштар, сондай-ақ қиямет күніне дейін Аллаһ Тағала қажылық етуді пешенесіне жазған, бірақ әлі дүниеге келмеген пенделер, барлығы да «Ляббәйк Аллаһумма ләббәйк»,-жеп жауап берген дейді. Аллаһ Тағала барлығымызға сол жауап бергендердің қатарында болуды нәсіп етсін! Әмин!
|