Воскресенье, 07.12.2025, 08:02
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 29
Гостей: 29
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Ноябрь » 13
Міне, иаһудилердің армандаған күні Осы Арафа күні екен. Бұл күннің қасиеттілігі соншалықты, қажылық етуші кісі басқа бауырының атынан дұға етсе немесе біреудің атынан қажылық етсе де қабыл болады. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылыққа барушылылардың дұғалары қабыл болуы үшін Аллаһқа былай деп дұға еткен:
«Ей, Жаратқан ием! Қажылық етушінің күнәсін және де қажылық етуші: «Бұл пендеңнің күнәсін кешіре гөр»,-деп дұға еткен пендеңді де жарылқай көр».
Шариғатта басқа біреудің атынан да қажылық етуге болады. Әли ибн Мауқиф деген кісі Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с.) атынан бірнеше рет қажылық еткен екен. Әлидің өзі айтады. «Бір күні түсімде Расуллаһты көрдім» Расуллаһ маған: «Ей, ибн Мауқиф, менің атымнан қажылық еттің бе?»-деді.
Мен: «Иә, Расуллаһ»,-дедім.
Ол: «Менің атымнан ләйббайка айттың ба?»-деді.
Мен: «Иә, Расуллаһ»,-дедім.
Расуллаһ (с.ғ.с.): «Ондай болса, қиямет күні осы ісің үшін мен саған кепіл болам ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Хадж | Просмотров: 1027 | Добавил: kemel | Дата: 13.11.2009

Расында Аллаһ Тағала Арафатта тұрған бір пенденің күнәсін кешіретін болса, соның құрметіне Арафатта тұрған барлық пенделердің күнәсін кешіреді. Бұл да болса Арафат тауының қасиетінен және ол таудың Аллаһтың алдында дәрежесінің ұлылықтығына дәлел.
Кейбір ғұламаларымыз айтады:
«Егер қажылықта осы Арафат тауында тұрғандардың барлығының күнәларын кешіреді»,-деген.
Бұл күн дүниедегі күндердің ұлығы. Себебі, бұл күн Аллаһ Тағаланың осы дінді толықтырған, нығметтерін тәмем етіп және де біздерге Ислам дінін разы қылған күн.
Иаһудилерден бір кісі Омардың (р.а.) алдына келіп: «Сіздердің Құрандарыңызда бір айат бар. Егер сол айат біздерге түскенде біздер сол күнді өзімізге мейрам күн етіп алған болар едік»,-деді.
Омар (р.а): «Қайсы айат»,-деп сұрады.
Иаһуди мына айатты оқып берді:
«Бүгін діндерді толыстастырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін хоштап ұнаттым».
Омар (р.а.): «Бұл айат жұма күні ек ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Хадж | Просмотров: 944 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Шайтан лағынет жәннаттан қуылған уақытта осындай улы нығметтен пенделерді қайтарып, жібермеуге тырысатындығы жөнінде Құранда Аллаһ Тағала былай деп ескертеді. Аллаһ Тағала Құранда Ағраф сүресінің 16-айатында: «Әлбетте, мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын»,-деді. Яғни, адамдарды қажылықтан қайтару үшін Меккенің жолында отырып алып барынша қажылықтарын бұзуға, қүнә істерге азғырып, итермелейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім жаман сөз сөйлемей, жамандық қылмай осы үйлі қажылық ететін болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады»,-деген.
Шайтан лағынет жоғарыда айтылғандай жолда отырып алады. Пенделердің күнәлері көбейіп, қажылықтары қабыл болмаса, семіріп үлкейе береді. Пенделердің күнәлары  азайса, кішірейіп азып-тозып кетеді. Шайтан лағынеттің ең жаман көрінісі осы қажылықта болады.
Категория: Хадж | Просмотров: 938 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сондай-ақ кімде-кім үйінен қажылыққа немес умраны ниет етіп шығып, кейін жолда дүниеден өтсе, ол кісі қиямет күніне дейін қажылық не умраның сауабын алады. Сол сияқты кімде-кім екі Харамның бірінде дүниеден өтсе, еш кедергісіз, есеп берместен  жәннатқа кіргін делінеді,»-деген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде айтады: «Қажылық Исламның бесінші парызы болғандықтан оны орындаймын деп шыққан адам Аллаһ жолында жиһат  еткен болады. Пенделеріне аса қамқор, ерекше мейірімділігінен қажылыққа келген адамдардың қандай дұғаларын болса да қабыл етеді».
Пайғамбармыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Қабыл болған қажылық бұ дүние және ондағы  барлық нәрселерден де жақсырақ. Қабыл болған қажылыққа қиямет күнінде тек қана жәннатқа кіру болады». «Қажыға. умраға барушылар, Аллаһтың жер-жерден келген өкілдері және зиарат етушілер. Егер олар Аллаһтан сұраса Аллаһ оларға береді. Кешірім сұраса Аллаһ кешіреді, шап ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Хадж | Просмотров: 947 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәрифінде:
«Шайтан Арафа күні қалтыраған, қорланған, мыжырайған, кішірейген болып қалады. Басқа ешбір күнде бұндай жағдайға түспейді»,-деген.
Себебі шайтан аспаннан Аллаһтың рахым-мейірімі жаңбырдай жауып, Аллаһ тағала қажылардың үлкен күнәларын кешіріп жатқанын көріп, қызғаныштан өртеніп кете жаздайды. Аллаһ пенделердің күнәларын Арафатта тұрған уақытта-ақ кешіріп жібереді.
Бір тақуа кісіге Арафат тауында шайтан лағынет белі сынған, көздері жасаурап, реңі сарғайып, азып-тозып кеткен адамның суретінде көрінген екен. Тақуа кісі шайтаннан: «Неге жылап жүрсің?»-деп сұрапты.  Шайтан: «Қажылық етуші  адамдар сауда жасамастан шығыпты, ниеттерінен айнымай, мені ренжітеді деп қорқып, жылап жатырмын»,-дейді. Тақуа кісі: «Неге азып кеткенсің?» деп сұрады. Шайтан: «Аттардың Аллаһ жолында терлеулері  мені аздырып жібереді. Егер менің жолымда болғанда жақсы болатын еді»,-деп жауап береді. «Түрің ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Хадж | Просмотров: 946 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Кейін Ибраһим (с.ғ.с.) сол үйдің орнына баласы Исмаил (ғ.с.) екеуі қазіргі Қағбатуллаһты салған екен. Қағбаны құрылысын Аллаһтың бұйрығымен бітірген соң, Алаһ Тағала Ибраһим (с.ғ.) пайғамбарға былай деп бұйырған: «Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді» (Хаж сүресі).
Категория: Хадж | Просмотров: 935 | Добавил: kemel | Дата: 13.11.2009

Хадистерде айтылуы бойынша Аллаһ Тағала Ибраһимге адамдарды қажылыққа шақыруды бұйырғанды, Ибраһим (с.ғ.) «Әй, адамдар! Шынында Аллаһ бір үй құрды, соны қажылық етіңдер»-деп шақырады екен.
Сондай-ақ кейбір тәпсірлерде Аллаһ Тағала: «Әй, Ибраһим! Біздің бұйрығымызбен салынған бұл үйге адамдарды қажылық етуге шаыр»,-деп бұйырғанда, «Иә, Раббым! Адамдарға дауысымды қалай жеткіземін? Менің дауысым оларға жетпейді»,-деді.
Аллаһ: «Әй, Ибраһим! Сен шақыр, жеткізу біздің ісіміз»-деді. Ибраһим (с.ғ.) орнынан тұрып (кейбір кітаптарда Сафа тауынашықты делінген): «Әй, адамдар! Шынында Раббыларың өзіне ғибадат ету үшін үй салдыруға бұйырды, осы үйге қажылыққа келіңдер!»-деп жар салды. Сол уақытта осы дауыс Жердің түкпір-түкпірінен жету үшін тау-тастар еңкейіп қалған екен дейдіАллаһ Тағала осы дауысты өз құдіретімен әйелдердің құрсағындағы, еркектердің белдеріндегі болашақ ұрпақтарына дейін естірткен.
Осы дауысқа тау-тастар, қалалар, ағашт ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Хадж | Просмотров: 891 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Шақшақ Қошқарұлы Жәнібекке Керейт Соқыр абыздың берген батасы
Пейілің жарық болсын,
Сонда жаныңнан кетпес туысың.
Билікті тура бер, жақыныңа бұрма,
Сонда кетпес ағайының.
Пайда түссе, бөліп бер,
Сонда кетпес жолдастарың.

Жәнібектің әкесі Қошқар осы тұста абызға шапан жауыпты. Сонда батасын жалғастырғаны:
Сонан соң алған жарың жақсы болсын,
Жаманат пен өсектен аман болсын.
Сүйген жардан перзент туып,
Ұл мен қыз, алты-жеті балаң болсын.
Балаңның бәрі бірдей момын болмай,
Біреуі мал ұстайтын адам болсын.
Қысты күні соғымды семіз сойып,
Сары қымыз сапырулы сабаң болсын.
Төрт бақыт, жеті байлық жолдас деген,
Барлығы осының саған болсын,-
деп кідіргенде Қошқар абыздың алдына ішік қойып, ат мінгізіпті.

Жинап ұсынушы Шүкірұлы.
Категория: Еске алу | Просмотров: 1227 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Баспалдақтан көтеріліп не түсіп келе жатып қарсы кездескенде әйелдің жолдың оң жағымен жүру ережесін сақтап оң жаққа ығысуы міндетті емес. Таяныш бар жағымен, одан ұстап не таянып жүру әйелдің жолы.
Аяқты айқастыра салып отыруда да әдептен асуға болмайды. Мұндайда аяқты жоғары ұстау, тізені құшақтап отыру да әдепсіздік болып көрінуі мүмкін. Креслоның балдағына жайғасу тек әбден аралас-құралас болған, өзімсінген жағдайда ғана жарасады. Сөйлескенде қолы-басы бірге сөйлеген, әрине, ерсі; мұндайда әсіресе көп адам өздері де байқамайтын, кімге де болса ұнамайтын дағды-сұқ саусақты безеп сөйлеу.
Жұрттың алдында есінеудің ыңғайсыз екенін кім де болсын біледі. Мұндайда бір есте болатыны, адам іштен есінеймін деп ықылық тигізіп алатын жағдай жиі болады.
Біреумен әңгімелесіп тұрғанда, топ ішінде галстугыңызды, түймеңізді ұстағыштап тұрған дұрыс емес, ал қарсы алдыңыздағы адамның галстугы не түймесіне қол созу тіпті ерсі болып көрінеді. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1388 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Таңдамалы хадистер жинағында мұсылмандық қасиеттер мен қағидалар туралы мол мағлұматтарға қанығуға болады.
Соның бірінде «Мумин қомағай, әдепсіз, ұятсыз болмайды және лағынет айтпайды» делінген.
Шындығында әдемілік жолы-асқақ жол жақсылыққа ұмтылыс күнделікті тұрмысымызға дендеп еніп, халық дәстүріне айналғалы қашан, жақсылықтарымыз жалғаса түсуде. Ендеше білмекке құмарлағымыз кемімегені дұрыс.
Категория: Этикет | Просмотров: 1516 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Шөже ақын Алтай еліне барып, өлең айтып, мал-дүние алып жүріп «осы өңірде бір таз бала ақын бар, өзі кедей, байдың қойын бағады, әкесі ақсақ, шешесі соқыр, өзі жаннан жеңілмейді, әрі ақын әрі шешен  екен» дегенді естиді. Жанында жетекші жолдасы бар екеуі сол баланы іздеп барады. Бұлар келген кезде бала өрісте қойда екен. Елге тоқтамастан қой ішіндегі балаға барып кездескен жерде Шөже баланың бар кемдігін айтады:
Басында таз тақияң кішкене екен,
Қолы сыңғыр бір пәле пішкен екен,
Әкең ақсақ болғанда, шешең соқыр
Құдайың қыр соңына түскен екен,-
деп бастырмалатады.
Сонда бала:
Іліп-шалып қалайық әзіл сөзбен
Өлс ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 969 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Ойлап тұрсам дүние бір қызғалдақ,
Дүние үшін біз жүрміз жанды жалдап.
Оралыңның барында ойна да күл,
Өте шығар бұл дүние аз күн алдап.

Дүниеде байда, мал бар, кедей малсыз,
Сонда да кедей артық байдан арсыз.
Еңбекпен ден сау болса күн көрермін,
Қалғаннан сақта тағдыр құйрық-жалсыз.

Дүниеде әркім жүрер кең болған соң,
Мен жүрмін кең дүниеде сен болған соң.
Ынтықпын сенің айтқан әр сөзіңе,
Әр сөзің дертке дауа-ем болған соң.

Тау әсем қарағайы, аршасы бар,
Сол тауға талапты жас барса шығар.
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,
Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?

Ойнап-күл дүниенің жарығында,
Көңілдің жан қартаяр жарымында.
Туған ай толғаннан соң о да қайтар,
Тұрмақ жоқ ешбір нәрсе қалыбында.

Жігіттер, күліп-ойнап көңіл аула,
Жер көріп, ел танып өс денің сауда.
Кетпейтін жанға ұқсама бұл дүниеден,
Кез келсең айла болмас ажал жауға.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1107 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Жалбыз-ерінгүлділер тұқымдас, бұта тәрізді сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт қырлы жапырақтары мен бұтақтары көп. Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге жуық. Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті, аздаған ақ және алқызыл гүлдері де болуы мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қуашақтары бар. Жемісі-шар тәріздес төрт жаңғақ. Биіктігі-20-50 сантиметр.
Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Қазақстанның оңтүстігінде кездеседі. Эфир майын алу және дәрі жасау үшін ол Молдавия мен Украинада, Краснодар өлкесінде өсіріледі.
Химиялық құрамы: Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, илік заттар, алколоидтар мен кейбір қышқылдар бар.
Қолданылуы: Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауыр ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 7370 | Добавил: kemel | Дата: 13.11.2009

Қажылықпен Исламды тамамдап, дінді толық еткен Аллаһ Тағалаға Құранда: «Бүгін діндеріңді  толықтастырдым және нығметімді ұнаттым»,-дегеніндей, қажылықтыорындаумен Ислам діні толық болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім қажылыққа  жағдайы  бола тұра, қажылық етпей дүниеден өтетін болса, онда иаһуди немесе христиан  болып дүниеден өтеді»,-деген.
Қажылық араб тілінде бір жерге баруды ниет ету деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы мағынасы-Сауд Арабиасының Мекке қаласындағы «Байтуллаһ», яғни Аллаһтың үйін зиарат ету. Бұның тарихы хадистердегі хабарларға қарағанда Адам атадан басталады.
Категория: Хадж | Просмотров: 975 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz