Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сондай-ақ кімде-кім үйінен қажылыққа немес умраны ниет етіп шығып, кейін жолда дүниеден өтсе, ол кісі қиямет күніне дейін қажылық не умраның сауабын алады. Сол сияқты кімде-кім екі Харамның бірінде дүниеден өтсе, еш кедергісіз, есеп берместен жәннатқа кіргін делінеді,»-деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде айтады: «Қажылық Исламның бесінші парызы болғандықтан оны орындаймын деп шыққан адам Аллаһ жолында жиһат еткен болады. Пенделеріне аса қамқор, ерекше мейірімділігінен қажылыққа келген адамдардың қандай дұғаларын болса да қабыл етеді». Пайғамбармыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Қабыл болған қажылық бұ дүние және ондағы барлық нәрселерден де жақсырақ. Қабыл болған қажылыққа қиямет күнінде тек қана жәннатқа кіру болады». «Қажыға. умраға барушылар, Аллаһтың жер-жерден келген өкілдері және зиарат етушілер. Егер олар Аллаһтан сұраса Аллаһ оларға береді. Кешірім сұраса Аллаһ кешіреді, шапағат сұраса шапағатқа бөленеді және дұға етсе дұғалары қабыл болады»,-деген. Осындай уәделерден кейін дұғалардың қабыл екендігіне еш күмән жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Арафат тауында тұрып, Аллаһ Тағала менің күнәмді кешірді ме екен?»-деп ойлаған адам бұ дүниедегі ең күнәкар адам болады»,-деген.
|